10:46, 07 Қараша 2024 | GMT +5
Астанада екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
АСТАНА. KAZINFORM — Қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі Астана қаласында екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн форматта оқитынын хабарлады.

— 2024 жылғы 7 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқып жатыр.
Бұған дейін қатты желге байланысты Павлодар облысының барлық аймағында сабақтар онлайнға көшірілген еді.
Сонымен қатар, Астанада ауа райына байланысты рейстер кешікті.
Бұдан бөлек, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында көлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалысы жабылғанын жазған болатынбыз.