Астаналықтар UAE SWAT Challenge жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды

АСТАНА. KAZINFORM — Астана халықаралық әуежайында Дубайда өткен халықаралық UAE SWAT Challenge антитеррористік бөлімшелері жарысының жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Астанада UAE SWAT Challenge жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Жеңімпаздарды журналистер, әріптестері және туыстары қарсы алды.

Астанада UAE SWAT Challenge жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Победителей и участников соревнований UAE SWAT Challenge встретили в аэропорту Астаны
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Қазақстанның бес арнайы жасақ командасы – Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері – халықаралық турнирде, әйгілі «Арнайы жасақ Олимпиадасында» ел намысын қорғады.

Астанада UAE SWAT Challenge жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Астанада UAE SWAT Challenge жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Бұл жарыс БАЭ-де 7–11 ақпан аралығында жетінші рет өтті.

Астанада UAE SWAT Challenge жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Астанада UAE SWAT Challenge жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Қазақстан командалары жарыстың әр кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, 48 елдің 109 командасын артқа қалдырды. Жалпы командалық есепте Kaz SWAT Team C бірінші орынға, ал Kaz SWAT Team A екінші орынға ие болды. Бұл Қазақстанның турнир тарихындағы үздік нәтижелердің бірі болып саналады.

Победителей и участников соревнований UAE SWAT Challenge встретили в аэропорту Астаны
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
Астанада UAE SWAT Challenge жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Мен алғаш рет қатысып отырмын. Ең бастысы есте қалғаны – жылдамдық, күшті жұмыс істеу және өз-өзімді бақылау. Негізгі нәтиже старт алдында салқынқандылыққа байланысты болды. Жаттығуда бәрі оңай сияқты, ал жарыста қателесу немесе қобалжу мүмкін – айналада адамдар мен камералар көп. Психологиялық дайындық өте маңызды, команданың бірлігі де үлкен рөл атқарады. Біз алты ай бойы дайындалдық, жылдамдыққа, арнайы техникаға, жүгіруге және төзімділікке ерекше көңіл бөлдік, — деді Kaz SWAT Team C мүшесі Муслим.

Астанада UAE SWAT Challenge жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Астанада UAE SWAT Challenge жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Айта кету керек, Tomiris әйелдер командасы турнирдің үздігі атанып, кейбір ерлер командаларын артқа қалдырды. Бұған дейін де Қазақстанның арнайы бөлімшелері турнирлерде жүлделі орын алған.

Победителей и участников соревнований UAE SWAT Challenge встретили в аэропорту Астаны
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Астанада UAE SWAT Challenge жеңімпаздарын құрметпен қарсы алды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Еске салсақ, бұған дейін Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады.

Соңғы жаңалықтар