Australian Open: Анна Данилина миксте де жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Анна Данилина аралас жұпта Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына өтті.

Анна Данилина Лондон турнирінде чемпиондық атақ үшін таласады
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші америкалық Джеймс Трейсимен бірге бастапқы кездесуін ұлыбританиялықтар Оливия Николлс - Анри Паттенмен өткізді. Қазақстандық-америкалық жұп 6:2, 6:3 есебімен басым түсті.

Небәрі 57 минутқа созылған бәсекеде Данилина - Трейси 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ұлыбританиялықтар 3 эйс, 1 брейкпен көзге түсті. Осылайша, қазақстандық теннисші бір күнде екі кездесуін жеңіспен тәмамдады.

Анна Данилина - Джеймс Трейси ширек финалға шығу үшін канадалық Лейла Фернандес - аустралиялық Ник Кирьоспен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакинаның төртінші айналымға жолдама алғанын жазған едік.

Сондай-ақ Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасында екінші айналымға шықты. 

Одан бөлек Анна Данилинаның жекелей сында ширек финалға өткенін хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар