Бишімбаев ісі: алқабилерді іріктеу өтті

қуандық бишімбаев
Фото: Facebook

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті.

«Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 — негізгі құрам, 2 — қосалқы.

Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында сағат 16:00–ге белгіленді», — деп жазды Жоғарғы соттан.

Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаев ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталғанын жазғанбыз.

2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.

Мұнан соң Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады. Өткен жылы 15 қарашада өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министріне Қ. Бишімбаевтің ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Биыл 11 қаңтарда елорда соты Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімін 2 айға ұзартқан еді. Биыл 26 ақпанда Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті. 1 наурызда Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді.

11 наурыз күні Астананың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Алдын ала тыңдаудың 12 наурызда жалғасты.

Соңғы жаңалықтар