Бүгін Tartyl Fest Қарағанды қаласында өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Турникке тартылудан Tartyl Fest республикалық фестивалі бүгін Қарағандыда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылған Tartyl Fest фестивалі 16-қалаға келіп жетті. Шара Орталық мәдениет демалыс саябағында өтеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, сайысқа тіркеліп нөмір алу рәсімі сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін жалғасады. Сайыстың өзі сағат 17:00-де басталады.

Фестивальге келген жерлестеріне Нұржан Керменбаев әнмен қолдау білдірмек.

Tartyl Fest фестивалінің тәртібі Қазақстанның барлық 20 қаласы үшін - ортақ. Қатысушылар жасы мен салмағы бойынша 9 санатта сынға түседі. Оған ресми қазылар алқасы төрелік етуде.

10 маусымда басталған фестиваль 6 қыркүйекте мәресіне жетуі керек. Қатысушы 20 қаланың әрқайсында 27 жеңімпаз анықталады. Олардың бәріне ақшалай жүлде беріледі.

Қала деңгейінде бірінші орын алған жеңімпазға 200 мың теңге, екінші орынға 100 мың теңге, үшінші орынға 50 мың теңге тағайындалған. Қалалық деңгейде бірінші орын алған 9 санаттың жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласындағы гранд-финалда күш сынасады. Оның жүлде қоры 54 млн теңге.

Ал гранд-финал жеңімпаздары street workout-тан өтетін әлем чемипонатына қатысуға мүмкіндік алады. Жобаның амбассадоры – Айтым Жақыпов. Ол street workout-тан бірнеше рет Қазақстанның және әлемнің рекордтарын жаңартқан. Ал streetlifting-тен Еуропа рекордсмені болып есептеледі.

Бұған дейін Tartyl Fest фестивалінде жезқазғандық жеңімпаздар анықталған болатын.

Турникке тартылу фестивалі жалпы Қонаев қаласында басталды. Кейін Т үркістанда , Талдықорған , Алматы , Тараз , Шымкент , Ақтау , Қызылорда , Атырау , Орал, Ақтөбе , Қостанай , Петропавл , Көкшетау қалаларында жалғасын тапты.


Соңғы жаңалықтар