Бүгін 10 қалада ауа сапасы бұзылады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Атырауда ауа сапасының нашарлауына әсер ететін негізгі факторлар аталды
Фото: Pixabay.com

— 27 қазанда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстандағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар аталған аймақта экологиялық тексеруден соң 12 ауылдық округ әкімі жазаланды.

Бұған дейін Екібастұзда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын 70 млн теңгеге жуық айыппұл төледі.