Бүгін 7 қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 26 қазанда Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, еліміздің 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Бұған дейін Екібастұзда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын 70 млн теңгеге жуық айыппұл төледі.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында экологтер Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады.