АҚШ-тағы сайлаудың алдын ала нәтижелері бойынша Трамп Харристен алда келеді
АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ-та дауыстарды алдын ала санау жұмыстары жүріп жатыр. Республикалық партия кандидаты Дональд Трамп дауыс саны бойынша қарсыласы Камала Харристі басып озды, деп жазады NBC News.
Дауыс саны бойынша Д.Трамп көш бастап тұр - 52,4%, ол 207 сайлаушы дауысын алды (270 қажет). Оған 45,9 миллион сайлаушы дауыс берді, ал К.Харристі 46,2% қолдаған, ол 91 сайлаушы және 40,6 миллион америкалық сайлаушылардың дауысын жинады.
Д.Трамп Алабама штаттарында көш бастап тұр, онда 44% дауыс (64,25 Трамп / 34,5% Харрис), Арканзас— 56% (62% / 35,9%), Флорида— 90% (56,1% / 42,7%), Индиана— 79% (58,9% / 39%), Айова-50% (54,1% / 44,4%), Канзас— 63% (53,5% / 44,6%), Кентукки— 96% (64,3% / 34%), Миссисипи— 42% (62,1% / 36,4%), Миссури— 46% (55,3% / 43,3%), Монтана - 2% (65,1% / 32%), Солтүстік Дакота— 43% (69,3% / 28,8%), Огайо— 79% (55,8% / 40,2%), Оклахома— 93% (66,6% / 31,5%), Оңтүстік Каролина— 84% (58,5% / 40,2%), Оңтүстік Дакота — 12% (71,4% / 26,5%), Теннеси— 89% (65,2% / 33,4%), Техас — 73%(56,2% / 42,5%), Батыс Вирджиния— 78% (69,5% / 28,5%) және Вайоминг— 9% (77,3% / 20,7%).
К.Харрис Колорадода көш бастап тұр — 68% (54,9% Харрис / 43% Трамп), Делавэр— 99% (56,5% / 42,1%), Иллинойс— 69% (55,6% / 43%), Мэриленд— 71% (60% / 37,5%), Массачусетс-28% (59,3% / 37,9%), Нью-Йорк— 69% (58,3% / 41,2%), Род-Айленд— 85% (53,3% / 44,5%), Вермонт— 79% (64,2% / 32,8%), Вашингтон, Колумбия округі-44% (90,2% / 6,7%).
Алайда, бұл дауыстарды санау әлі жүріп жатқан штаттардың жартысы ғана.
Шешуші рөлді дауыс нәтижесі құбылып тұрған штаттар - Джорджия (Трамп - 51% / Харрис - 48,2%), Солтүстік Каролина (50,8% / 47,8%), Пенсильвания (50,7% / 48,2 %), Аризона (49,6% / 49,5%), Мичиган (46,9% / 51,3%), Небраска (44,2% / 54,1%), Висконсин (48,4% / 49,9%) және Невада (0%/0%) атқаруы мүмкін.
Айта кетейік, АҚШ-та президент сайлауы басталды.
АҚШ президентіне кандидат Дональд Трамп Палм-Бич участігінде дауыс берді.
Сондай-ақ, бұған дейін Трамп жеңіске жету үшін қажет 270 сайлаушы дауысының жартысынан көбін жинағанын хабарлаған едік.
Бұл ретте АҚШ-тағы президент сайлауы Қазақстанға қалай әсер ететіні жайлы да біздің сайтта жазылған.
Бұған дейін АҚШ-тағы сайлау барысы туралы хабарланды.