03:15, 09 Ақпан 2026 | GMT +5
Еліміздің қай қалаларында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 2026 жылғы 9 ақпанда Алматы қаласында, түнде Астана және Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Еске салайық, жуырда экологияға келтірілген зиян үшін төлем тәртібі өзгерді.
Ертең елдің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, жел күшейеді.