Ертең Ақтөбе мен СҚО-да оқушылар сабақты қашықтан оқиды
АСТАНА. KAZINFORM – Ақтөбе облысы білім басқармасының хабарлауынша, ертең, 23-қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысының кейбір аудандарында сабақ онлайын болады.

Нақтырақ айтқанда, Ақтөбе қаласы 1- 11, Алға, Хромтау аудандарында 1-9, Әйтеке би, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Ырғыз, Қарғалы аудандарында 1-4 сынып оқушылары үшін оқу процесі қашықтан ұйымдастырылады.
Сондай-ақ ауа райына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы – 28 градусқа дейін суытатындықтан 1-ші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн болады.
Осыған дейін елордалық оқушылар мен студенттердің онлайн білім алатынын жаздық.
Сондай-ақ 4 облыста қар нормадан артық түскенін хабарладық.
Жетісу облысының полициясы ауа райына байланысты күшейтілген жұмыс режиміне ауысты.