Қазақстан Президентінің Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары аяқталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент
Фото: Ақорда

Внуково әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук пен басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.

Путин
Фото: Ақорда
Ресей
Фото: Ақорда

Айта кетейік, 12 қарашада Кремльде Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Ресей
Фото: Ақорда

Қарсы алу рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөз өткізді.

Ресей
Фото: Ақорда

Келіссөз барысында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресей — жақын серіктес, достас әрі одақтас елдер екенін айтты.

Кейіннен екі ел басшысы кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Бұдан бөлек Мемлекеттер басшылары Орал қаласында өтіп жатқан XXI Қазақстан – Ресей өңіраралық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысты.

Ресей
Фото: Ақорда

Іс-шара кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасы құрылысына қатысты мәселелерге тоқталды.

Ресей
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қойды.

Сондай-ақ Қазақстан-Ресей тарапы қосымша 13 келісім қабылданды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Путин Қазақстан өнерпаздарының гала-концертіне барды.

Соңғы жаңалықтар