Қазақстанда мандариннің келісі қанша тұрады

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда мандаринге сұраныс артты. Kazinform тілшісі еліміздің әр өңірінде цитрустың бұл түрі қанша тұратынын анықтап білді.

Қазақстанда мандариннің келісі қанша тұрады
Коллаж: Kazinform

Қазақстанға мандарин Қытай, Пәкістан, Марокко мен Түркиядан жеткізіледі. Сонымен бірге Иран, Мысыр, тіпті Оңтүстік Африка, Аргентина мен Перуден де әкелінеді. Осының ішінде түрік цитрусы сұранысқа ие. Сондықтан біз де осы елден әкелінген мандариннің өңірлердегі бағасын салыстырып көрдік.

Түрік мандаринінің келісі 1000-1820 теңге тұрады

Елімізде ең төмен баға Орал, Талдықорған, Көкшетау қалаларында тіркелді. Мұнда баға 1000-1400 теңге аралығында.

Ал Алматы мен Қонаевта баға сәл арзан. Мұнда цитрус бағасы 1300 теңгеден басталады. Петропавлда мандарин бағасы 1350-ден басталып, 1500 теңгеге жетеді. Ал Атырауда келісі 1430 теңге деп көрсетілген.

Ал еліміздің оңтүстігінде баға әлдеқайда жоғары. Мәселен Таразда түрік мандаринінің келісі 1400-ден басталады. Ал Түркістан мен Қызылордада баға келісіне 1500 теңге. 
Ал еліміздің орталығында, яғни, Қарағанды мен Жезқазғанда шамамен 1400-1800 теңге аралығында. Павлодарда да осы баға. Ал Қостанайда мандариннің келісі 1400-1580 теңге тұрады.

Елордамызда мандарин келісі 1590 теңге деп белгіленген. Ал Қазақстанның шығысында бағасы жоғары. Семейде мандарин құны 1450 теңгеден басталып, 1700 теңгеге дейін жетеді. Өскеменде цитрустың бұл түрі 1800 теңге. Бұл ең жоғары бағаның бірі. 
Еліміздің батысы да қалыспай тұр. Түркиядан жеткізілген мандарин Ақтөбе қаласында 1500 теңге тұрады. Ал Ақтауда келісі 1800 теңге.

Мандарин Шымкентте қымбат. Мұнда келісі 1820 теңге тұрады.

Қазақстанда мандариннің келісі қанша тұрады
Фото: Kazinform

Баға неге әрқилы?

Өзге елден жеткізілетін жеміс-жидек, соның ішінде мандарин бағасына бірнеше фактор әсер етеді. Олар:

1. Логистика. Неғұрлым алыстан жеткізілсе, баға соғұрлым жоғары болады.

2. Сұрпы мен сапасы. Пәкістан мен Қытай мандариніне қарағанда түрік цитрусының дәмі татымды әрі етті. Салыстырмалы түрде алсақ, Қытай мен Пәкістаннан жеткізілетін мандарин бағасы келісіне 800-900 теңгеден басталып, 1000 теңгеге дейін жетеді.

3. Бәсекелестік. Ірі қалаларда баға сауда орындары мен онда өткізілетін акцияларға негізделген.

Айта кетейік, Kazinform бұған дейін макароннанкүріш, шұжық, ірімшік және өзге де тағам түрі қанша тұратынын анықтап білді.

Соңғы жаңалықтар