ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басшысын ұстағанын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM — 23 қарашада ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қ. Омарбековті және өзге де адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысты деген күдікке ілінген болатын. 

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы ұсталды: ҰҚК «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығына қатысты схеманы тергеп жатыр
Фото: Қазатомөнеркәсіп

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің дерегінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және Тәртіп»қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасады.

Еске сала кетейік, 12 қарашада ҰҚК «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Н. Жақыпов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Е. Отыншиев және сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген өзге де тұлғалар ұстаған болатын. 

Ал 18 қарашада сот «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті қамауға алуға санкция берді.