Коронавирус жұқтырған мұғалімге үстемеақы төлене ме - министр жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мектептерде ашылатын кезекші сыныптарға жүкті, жасы 65-тен асқан мұғалімдер сабақ бере алмайды. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің мектептерінде оқу аптасының ұзартылуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай коронавирус жұқтырып алған мұғалімдерге ешқандай үстемақы қарастырылмағанын айтты.

«Кезекші сыныптарда жұмыс істеуге жіберу үшін тиісті талап бар. Мұндай форматтағы жұмыс процесіне жүкті мұғалімдер, созылмалы аурулары бар жасы 65-тен асқан ұстаздар жіберілмейді. Яғни, мұндай педагогтар кезекші сыныпта жұмыс істей алмайды. Коронавирус жұқтырып алмас үшін дене қызуын қадағалап, барлық санитарлық талаптарды сақтау қажет», - деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, баспасөз мәслихаты барысында министр кезекші сыныпқа сабақ берген мұғалімнің қашықтан оқытуға да құқығы бар екендігін айтқан болатын.

Жалпы жаңа оқу жылында мектептерде қашықтан оқыту 8 интернет платформада жүргізіледі.

Мектеп жасындағы 2,6 млн бала қашықтан білім алады. Ал бастауыш сыныптың 530 мың оқушысы кезекші сыныпта, шағын жинақты мектептерде 202 мың бала дәстүрлі форматта оқиды.


Соңғы жаңалықтар