Майқайыңда ойыққа түсіп кеткен адамдарды геологиялық сканермен іздеп жатыр

майқайың
Фото: куәгерлер фотосы

Майқайың алтын кенішінде жер астына түсіп кеткен автобусты табу үшін Балқаш қаласынан геологиялық сканерлеу құрылғысы жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform.

«Бүгін ойықтың ернеуіне „Богатырь Көмір“ кәсіпорнының үлкен краны орнатылды. „АК Алтыналмас“ АҚ мен Павлодар облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары кран көмегімен шұңқыр табанына сканерлеу құрылғысын түсірді. Геологиялық зерттеу құралы құлаған топырақ үйінділерін сканерлеп, жер астында пайда болған бос кеңістіктерді, металл мен өзге де құбылыстарды іздеп жатыр» деп хабарлады өңірлік төтенше жағдай департемінтінің баспасөз қызметі.

майқайың
Фото: куәгерлер фотосы

Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын.

Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылды.

Кешкісін табылғандардың кім екені белгілі болды.

Оқиға орнында иісшіл иттер жұмыс істеп жатыр. Опырылған жерде әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр, опырылу шекарасы тұрақты емес.

Баянауылда кен орнында көз жұмған және із-түзсіз кеткендердің отбасына 4,5 млн теңгеден беріледі.

Қаза тапқандарды жерлеу рәсіміне 2 млн теңгеден бөлінді.

Майқайыңдағы алтын кеніші туралы не білеміз?

Алтын кенішіндегі қайғылы жағдайға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Соңғы жаңалықтар