Оқушы қыздар төбелесі: Ақтөбе полициясы істі қысқартты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылында мектеп оқушыларының төбелесіне қатысты қозғалған қылмыстық іс қысқартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушы қыздар төбелесі: Ақтөбе полициясы істі қысқартты

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылында мектеп оқушылары төбелесті. Олардың кім екені анықталған. Бәрі - 8-9 сынып оқушылары. Араларында жанжал болып, бірі оны телефон камерасына түсіріп алған.

Осы оқиғадан соң облыстық ПД баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі, яғни бұзақылық дерегі бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін хабарлаған болатын.

Арада 1 ай өткенде полиция шешім шығарды. «Қылмыстық іс қысқартылды», - деп мәлім етті облыстық ПД баспасөз қызметі.