Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып Оңдасын Оразалин тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин облыс әкімдігінің активіне өңірдің жаңа басшысы Оңдасын Оразалинді таныстырды.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған болатын. Ол Ақтөбе облысының әкімі қызметіне 2015 жылдың қыркүйегінде кіріскен еді.

Оңдасын Сейілұлы 1963 жылы туған.

1985 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1985-1986, 1987-1988 жылдары - Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы.

1988-1990 жылдары - Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы.

1990-1993 жылдары - жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы.

1993-1999 жылдары - «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы.

1999-2000 жылдары - «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы.

2000-2003 жылдары - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі.

2003-2004 жылдары - Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы.

2004-2005 жылдары - Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры.

2005-2006 жылдары - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2008 жылдың наурыз бен қазан аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2008-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2014-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

Соңғы тағайындалуға шейін 2017 жылғы 22 наурызынан бастап ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен (2008) және 3 медальмен марапатталған.

Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Соңғы жаңалықтар
telegram