Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

МӘСКЕУ. KAZINFORM – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді келесі жылы елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Ақорда
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

- Зор ризашылықпен Сізді келесі жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырамын. Дұрыс айттыңыз, мәселе протоколдық нақтылық жайында емес, шын мәнінде. Біз ең жоғары деңгейде құжаттардың жаңа буынына қол қоюға және оның дұрыс іске асырылуын бақылауға тиіспіз. Бұл аса маңызды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы кезегінде Ресей басшысы Қазақстан Президентінің шақыруын қабыл алды.

- Қазақстанға зор ризашылықпен келемін, - деді Владимир Путин.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды.

Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты.

Сапар барысында Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бейресми пікіралмасуы кешкі ас үстінде жалғасты.

Президент «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойып, Ресей Федералды Жиналысы Федерация кеңесінің төрағасымен кездесті.

Сондай-ақ Кремльде Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өткені туралы жаздық.

 

 

Соңғы жаңалықтар