Рим Папасы алғашқы шетелдік сапарын аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – 2 желтоқсанда Рим Папасы Лев XIV-тің алғашқы елшілік сапары аяқталды, деп хабарлайды VaticanNews.

Папа римский завершил первую зарубежную поездку
Фото: @Vatican Media

Жергілікті уақыт бойынша 13 сағат 48 минутта ITA Airways әуекомпаниясының әулие әке мінген Airbus A320neo ұшағы Бейрут халықаралық әуежайынан шығып, шамамен төрт сағаттан кейін Римге жетті.

Ұшу қоштасу рәсімінен кейін өтті. Онда Рим Папасы Ливандағы сапарының ең есте қаларлық сәттерін еске алып, бейбітшілікке үміт білдірді және Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатуға шақырды.

Бұған дейін Рим Папасы Лев XIV Палестина мемлекетін құру мен тануды ұзақ жылға созылған Палестина-Израиль қақтығысының «жалғыз шешімі» деп атаған еді. Ол бұл мәлімдемені жексенбі, 30 қарашада Түркиядан Ливанға ұшуы кезінде жасады.

Шетелге алғашқы сапарында Түркияға да барды.

Рим Папасы алғашқы сапарында Түркия мен Ливанға бейбітшілік туралы үндеуін жеткізетінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар