Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеуде ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ - прокурор

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мәлім етті. 

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов
Фото: Видеодан скрин

Прокурордың айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеу сатысына ешқандай заңбұзушылық анықталған жоқ. 

«Біздің тарапымыздан тергеу іс шараларының заңдылығы мен толықтығы қамтамасыз етілді. Сот процесінің ашықтығы жөнінде мәселе бойынша пркуратура сотқа өтініш хат енгізуді қарастырып жатыр», - деді ол.

Еске салайық,4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болғанын жазғанбыз.

Ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты.

Алматы облысының Прокуратурасы кісі өлтіру туралы бұл іс ерекше бақылауға алынғанын ресми түрде хабарлады.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Талғар ауданындағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды.

Сондай-ақ, құқық қорғаушы Айтбек Амангелді қаза тапқан жасөспірімнің отбасына адвокаттар тауып берді.

Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттеліп жатқанын жеткізді.

12 қазан күні түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

Сондай-ақ, Бас прокуратура қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын мәлімдеді.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеу оқиғасын тергеу тобымен Талғарға барды.

Кейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов өрт қылмысы бойынша айғақтар алынып, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін Ұлттық ұлан әскері жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар