Шерзаттың ағасының өлімі: оқиғадан бұрын марқұм туыстарына хабарлама жіберген
ҚОНАЕВ.KAZINFORM - Алматы облысының Полиция департаменті мәйіті табылған 30 жастағы ер адам өліміне қатысты тың деректермен бөлісті.

Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімовтың айтуынша, марқұм Шерзат Полаттың ағасы өз-өзіне қол салар алдында туысына WhatsАpp желісі арқылы хабарлама жіберген.
— Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұрады, — дейді Бағдат Әшімов.

Еске салайық, бұған дейін Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылғанын жазғанбыз. Аталған жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, 4 қазан күні төбелестен 16 жасар жасөпірім қайтыс болғанын жазғанбыз.
Кейін ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Талғар ауданындағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды.
12 қазан түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
15 қазан күні Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Артынша, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен қуылды.
Ішкі істер министрлігінің өкілдері БАҚ қызметкерлеріне Шерзат Полат қаза тапқан жерде камераға түсіп қалған видеоны көрсетті.