Су тасқыны: Семей қаласында ескерту не үшін жасалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Сергеев Семей қаласындағы ескертуді түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл - жоспарлы ескерту. Мәселе мынада, қазіргі кезде Шүлбі қоймасынан жіберілетін судың көлемі көтерілуде. Жоспар бойынша секундына 600 текше метрден 1 100-ге дейін жіберетін болады. Мәселен, бүгіннен бастап қоймадан жіберілетін судың көлемі 838 текше метрге жетті. Бірақ Семей қаласына қауіп төніп тұрған жоқ. Соған қарамастан, жоспарлы ескертулер жасала береді», - деді В.Беккер Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Айта кетейік, бүгінгі брифингте комитет басшысы Ақмола облысында Жабай мен Колутон өзендерінің суы күрт көтерілгенін мәлімдеді. Ол судың бәрі Сергеев қоймасына барып құйылады. Ал Солтүстік Қазақстан облысында екі ауылдың тұрғындары өз үйлеріне қайта бастады. В.Беккердің сөзіне қарағанда, Қарағанды облысы бойынша су тасқынының ең қауіпті кезеңі артта қалды. Бұдан бөлек, ол Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар жолдың судан бұзылуына себеп болған мәселені атады.