Талғарға жаңа әкім сайланды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Талғарға жаңа әкім сайланды. Дауыс беру нәтижесінде бұл қызметті Арыстанбек Әбілқайырұлы атқаратын болды.

Арыстанбек Абилхаирулы
Фото: Аманат папртиясының Алматы облыстық филиалы

Талғар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Арыстанбек Әбілқайырұлына 9071 сайлаушы дауыс берген.

– Сайлаушылар тізіміне барлығы 42 774 адам енгізілді, оның 12 875-і дауыс берді. Қала әкімі лауазымына үміткер Жәнібек Кәденов 1 875, Әлібек Рамазанов 1 140 дауыс жинады. 182 сайлаушы барлығына қарсы дауыс берді Сайлау қорытындыларымен Талғар қаласының әкімі болып:

Абилхаирұлы Арыстанбек сайланды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, тізімде үш кандидат болды.

«Талғар тұрғын үй» ЖШС-нің басшысы,1983 жылы туған Арыстанбек Абихаирұлы «Amanat» партиясы атынан ұсынылды.

Екінші кандидат – Жәнібек Каденов. 1991 жылы туған. Ол «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің қаржы-шаруашылық бөлімінде бас маман болып жұмыс істейді. Оны Қазақстан халықтық партиясы ұсынды.

Соңғы үміткер – Әлібек Рамазанов. Ол өзін-өзі ұсынған. Ол Бесағаш ауылдық округінің аппараты мемлекеттік мекемесінде әкімнің орынбасары болып қызмет етеді.

Еске салайық, Талғарда 2024 жылдың 15 желтоқсанында қала әкімінің сайлауы өтті.

Осыған дейін Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылғаны туралы жазған едік. 

Айта кетейік, 4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір адам мерт болды. 

Бұған дейін, Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы қала әкімінің сайлау күнін 15 желтоқсанға белгілеген болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар