Тайланд пен Камбоджа қақтығысы: Қазақстандық туристерге қауіп бар ма

АСТАНА. KAZINFORM – Тайланд пен Камбоджа шекарасындағы қарулы қақтығыстар курорттық аймақтардан алыс жерде болып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров пікір білдірді. 

Малайзия СІМ: Таиланд пен Камбоджа басшылары 28 шілдеде келіссөз өткізеді
Коллаж: Kazinform/ Freepik

Министрлік өкілінің айтуынша, күн сайын Тайландқа шамамен 3000 Қазақстан азаматы ұшады. Сонымен бірге, қазақстандықтардың көпшілігі елге турист ретінде келетіндіктен, консулдық есепте 150-ге жетпейтін адам ғана тіркелген.

– Бұл қақтығыстар курорттық аймақтардан өте алыста болып жатыр, сондықтан азаматтарымызға алаңдаудың қажеті жоқ. Дегенмен, біздің елшілік жағдайды жұмыс тәртібі бойынша бақылап отыр. Қазір бәрі тыныш. Курорттық аймақтар қақтығыс орнынан бірнеше жүз, тіпті мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан. Бірақ, әрине, біреу басын қатерге тігіп джунглиге кіріп кетпесе..., – дейді А.Смадияров.

Осыған байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Тайландтағы азаматтарға қандай да бір арнайы ұсыным беруден бас тартты.

Айта кетейік, Таиланд Корольдік армиясының қолбасшылары Камбоджамен шекарада қақтығыстардың күшейгенін хабарлады.

Камбоджа билігі Таиландпен қақтығысқа байланысты шекаралас провинциялардағы барлығы 377 мектепті жапты.

Соңғы жаңалықтар