Трамп Иранмен ынтымақтасатын елдерге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеді
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ынтымақтасатын елдерге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеді.
— Осы сәттен бастап Иран Ислам Республикасымен бизнес жүргізетін кез-келген ел Америка Құрама Штаттарымен кез-келген және барлық іскерлік қатынастар үшін 25% баж салығын төлейтін болады. Бұл өкім түпкілікті және шағымдануға жатпайды, — деп жазды Трамп TruthSocial сайтында.
Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп Иран үкіметіне қарсы үш жыл ішіндегі ең ірі жаппай наразылық акцияларына қатысты пікір білдіріп, елге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
Трамп 11 қаңтар күні Иранға қатысты ең қатаң нұсқалар қарастырылып жатқанын айтты.
Сол күні Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф төтенше отырыста АҚШ әскери әрекетке барса, Иранның заңды нысандары мен басып алынған аумақтарда, сондай-ақ АҚШ-тың әскери базалары мен кемелеріне қарсы соққы жасалатынын айтты.
Дүйсенбі күні Иран шерулер кезінде қаза тапқандар үшін үш күндік аза тұту жариялады.
Иранда 28 желтоқсаннан бері наразылық шерулері жалғасып келеді. Бағаның күрт өсуі көпшіліктің наразылығын тудырды. Иранның соңғы тақтан тайдырылған шахының ұлы Реза Пехлеви наразылық білдірушілерді қала орталықтарын басып алып, ұстап тұруға шақырды.