Трамп Стивен Миранды Экономикалық кеңес төрағасы лауазымына ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп жексенбіде өзінің бірінші әкімшілігінде қазынашылық департаментінің кеңесшісі болған Стивен Миранды Экономикалық кеңес төрағасы лауазымына ұсынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Америка дауысы

Трамп
Фото: Wikimedia

Кеңес президентке экономикалық саясат мәселелері бойынша кеңес береді және төрағаны қосқанда үш мүшеден тұрады. Кеңес ел экономикасына шолу жасайтын, федералдық саясаттар мен бағдарламаларды қарастыратын және экономикалық саясат бойынша ұсыныстар жасайтын жыл сайынғы есепті дайындауға көмектеседі.

Биыл Миран және экономист Нуриэль Рубини хедж-қорды зерттеудің авторлары болды, зерттеуде өткен жылы Қаржы министрлігінің экономикалық ынталандыру шарасы ретінде ұзақ мерзімді облигацияларды сатуды қысқарту тиімді болғаны атап өтілген.

Бұған дейін Трамп өзінің болашақ әкімшілігіне алғашқы тағайындауларды жариялаған болатын. Содан кейін ол Пентагон басшыларын атады. Ал Маскқа үкіметтің тиімділік департаментін басқаруды ұсынды

Ол сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы лауазымына кіші Кеннедидің кандидатурасын ұсынды.

АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Ұлттық барлау басқармасының басшыларын және Ақүйдің жаңа баспасөз хатшысын тағайындады.

Сонымен қатар, Трамп АҚШ-тың Энергетика министрі лауазымына Liberty Energy мұнай компаниясының басшысын таңдады

Дональд Трамп өзінің бұрынғы экономикалық кеңесшісі Кевин Хассетті Ақ үйдің Ұлттық экономикалық кеңесінің басшылығына ұсынды.

Ол сондай-ақ миллиардер Скотт Бессентті Қаржы министрі лауазымына ұсынды.

Трамп отставкадағы генерал-лейтенант Кит Келлогті Украина мен Ресей бойынша арнайы өкіл етіп тағайындағанын мәлімдеді.

Дональд Трамп ливандық миллиардер-бизнесмен Массад Булосты араб және Таяу Шығыс істері бойынша аға кеңесші қызметіне тағайындамақшы