Түркияның Малатья провинциясында тағы да жер сілкінді

None
Фото: ekonomigundemi.com.tr
АНКАРА. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – Түркияның Малатья провинциясында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 5:18-де тіркелген. Ошағы Йешилюрт ауданында болды, тереңдігі – 7 км.

Еске салсақ, кеше осы Малатья провинциясында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Апаттан 1 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алды. Сондай-ақ, қираған үйлер астынан 32 адам құтқарылды.


Соңғы жаңалықтар
telegram