Владислав Рябко еспелі слаломнан Таиландтағы турнирде қола медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM — Таиландтың Районг қаласында еспелі слаломнан Thailand Open халықаралық рейтингілік турнирі өтіп жатыр. 

слалом
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына қола медаль түсті.

Отандасымыз Владислав Рябко каяк-кросс бағдарламасында жеңіс тұғырының үшінші сатасына көтерілді.

Аустралиялық Севан Билло жарыс жеңімпазы атанды. Өзбекстандық спортшы Самандар Сайдуллаев екінші орынға ие болды.

Бұған дейін Германиядағы әлем чемпионатында қазақстандық биатлоншылар спринтте қалай өнер көрсеткенін жазған болатынбыз.

Қазақстанда стенд атудан әлем кубогының кезеңі өтеді.

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін сәтті бастады.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум