Жасөспірімнің өліміне қатысты күдіктілердің соты ашық өтуі керек – Марат Қожаев

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары және жақында сенатор болған Марат Қожаев Талғар ауданында 16 жастағы жасөспірімді өлтірген күдіктілер сотына қатысты пікір айтты.  

Марат Қожаев Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды
Фото: Видеодан алынғани скрин

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер депутаттан аталған іс бойынша сот отырысын ашық әрі онлайн өткізу туралы қоғам талабына қатысты пікірін сұрады.

Өз кезегінде М. Қожаев ашық талқылау сот шешіміне сәйкес болатынын айтты.

«Қоғам ашық сот болуын талап етіп отыр. Менің ойымша, қоғамдағы күрделі мәселелерді ашық түрде талқылау керек», - деді сенатор.

Айта кетейік, биыл 4 қазан күні Қазақстан судьяларының съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сотты онлайн өткізудің ұтымды жақтарын айтты. 

Мемлекет басшысы биыл сот отырыстары алғаш рет онлайн көрсетіле бастағанын, осындай тәсілмен бірнеше сот процесі өткенін еске салды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, таяуда Президент Жарлығымен Марат Қожаев Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Ол Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды

Еске салайық, бұған дейін 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз. 

Алматы облысының Полиция департаменті Талғар қаласында 16 жастағы жасөпірімнің өліміне қатысы бар күдіктілердің Қонаев қаласына жеткізілгенін хабарлады. 

Ішкі істер министрі Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі бақылауға алды

Соңғы жаңалықтар