Жерде екінші магниттік дауыл болды

АСТАНА. KAZINFORM - Жер бетінде 11 қаңтарға қараған түні магниттік дауыл болды. Бұл 2026 жылдың басынан бергі екінші дауыл, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

полярное сияние из-за магнитной бури
Фото: © Лев Федосеев/ ТАСС

Зертханадан хабарлағандай, ол кейбір аудандарда шамамен 50 градус ендікке дейін төмендейтін күшті полярлық сәулелерімен ерекшеленді. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты Күн астрономия зертханасы мен Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Күн-Жер физикасы институтының мәлімдемесінде хабарланды.

магнитная буря
Фото: ТАСС

Зертхана көптеген жерде қолайсыз ауа райы бұл құбылысты бақылауға айтарлықтай кедергі келтіргенін атап өтті.

Магниттік дауыл соңғы бірнеше күнде болған әлсіз жарқылдардың бірінен шығарылған плазма бұлтының Жерге жақындауына реакция болғаны анықталды.

Орбитадан алынған деректерге сүйенсек, Жер әлі де плазма бұлтының ішінде. Сондықтан афтершоктар болуы мүмкін екені айтылды.

2026 жылғы алғашқы магниттік дауыл 3 қаңтардың түнінде болды.

Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.

Алдағы екі күнде қуатты магниттік дауыл болуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Еске салайық, 2025 жылы магниттік дауыл болған күндер саны соңғы 10 жылдағы, ал геомагниттік бұзылыс болған күндер саны соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткішке ие болды.

Соңғы жаңалықтар