Асхат Берлешевич Шахаров

Асхат Берлешевич Шахаров

Ақтөбе облысының әкімі
Туған күні
03 Қазан, 1978
47 жас
Туған жері
Орынбор облысы, Ақбулак ауылы, Ресей Федерациясы
Отбасы жағдайы
үйленген Алия Болаткалиевна
Туыстық байланыс
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

ЕҢБЕК ТӘЖІРИБЕСІ:

2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде оқытушы болып еңбек жолын бастаған.

2004–2007 жж. – Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы.

2007–2013 жж. – Олимпиадалық резервті даярлау орталығының директоры.

2007–2012 жж. – Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты.

2012–2013 жж. – Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты.

2013–2020 жж. – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының, кейін Бәйтерек ауданының әкімі.

2020–2022 жж. – Ақтөбе қаласының әкімі.

2022–2023 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2023 жылғы 5 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.

Білімі

Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы (1999 ж.)
Мамандығы: «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – спорт жаттықтырушысы»

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (2002 ж.)
Мамандығы: «Халықаралық экономист»

Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, аспирантура (2013 ж.)