Ақтөбе облысы әкімдігі бүгін қашықтан жұмыс істейді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Қазіргі кезде полиция қызметкерлері әкімдік ғимаратын қоршауға алған. Оқиға орнында әлі де өрт сөндірушілер жүр.

Ақтөбе облысы әкімдігі бүгін қашықтан жұмыс істейді
Фото: Алтынай Сағындықова\Kazinform

Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан әкімдік ғимаратына ешкімді кіргізбейді. Оқиға орнында қазір криминалистер, төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге тазалықшылар, электрмен қамтитын мекеменің авариялық қызметі де келді.

Ақтөбе облысы әкімдігі бүгін қашықтан жұмыс істейді
Фото: Алтынай Сағындықова\Kazinform

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін жұмыс онлайн болады. Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты да кейінге шегерілді. Әкімдікте орналасқан Ахуалдық орталық та жұмысын уақытша тоқтатты.

Ақтөбе облысы әкімдігі бүгін қашықтан жұмыс істейді
Фото: Алтынай Сағындықова\Kazinform

— Ғимаратқа ешкімді кіргізіп жатқан жоқ. Іште комиссия бар. Тексеріс болып жатыр, — деді взвод командирі Азамат Сембаев.

Ақтөбе облысы әкімдігі бүгін қашықтан жұмыс істейді
Фото: Алтынай Сағындықова\Kazinform

Еске салсақ, кеше кешкілік Ақтөбе облыстық әкімдігі ғимаратынан өрт шықты. Өрт ауданы 300 шаршы метрді құрады. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Ақтөбе облысы әкімдігі бүгін қашықтан жұмыс істейді
Фото: Алтынай Сағындықова\Kazinform

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Оқиға орнында облыс әкімі Асхат Шахаров жүрді. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар