Ақтөбедегі Темір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қоянды
Фото: Оралхан Қожанов/Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облысы Темір ауданында бүгіннен бастап жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды.

Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев су тасқынымен күрес және құтқару жұмыстарын баяндап, төтенше жағдай жариялауға шешім қабылданғанын мәлімдеді. 

— Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Онда 28-наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланатыны туралы шешім қабылданды. Бүгін ауа райы өзгеріп, елдімекендерге су кірді, қиындық туғызды. Су тасқынына қарсы жұмыс әрі қарай жалғасады, - деді Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев.

Еске салсақ, бүгін алдымен Қобда, кейін Мұғалжар ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Соңғы жаңалықтар