Апта ішінде елімізде болған кадрлық тағайындаулар

кадрлық тағайындау
Фото: Kazinform

Өтіп бара жатқан апта ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Kazinform. 

Дүйсенбі күні ҚР Туризм және спорт вице-министрлері қызметіне Ержан Мәлікұлы Еркінбаев және Мирас Қалиұлы Төлебаев тағайындалды.

Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2002 жылы коммерциялық компанияда заңгер болып бастаған.

Ол түрлі жылдары коммерциялық құрылымдарда заңгер, атқарушы директор, бас директор болып жұмыс істеген. «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының бас директоры, «Медеу» спорт кешенінің бас директоры қызметтерін атқарды. VI шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатының депутаты болды. 2016-2018 жылдары Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры, 2019-2021 жылдары «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, басқарма төрағасы, 2021 жылдан бастап ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болған.

Мирас Төлебаев 1986 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы Қорғаныс шекара маңы ынтымақтастығы орталығында бас маман болып бастаған.

Ол 2009-2010 жылдары – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық ортылығында бас маман, бас менеджер, 2010-2011 жылдары – Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы департаментінің бас сарапшысы, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитет басқармасының 1-санаттағы сарапшысы, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болды.

2012-2014 жылдары Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялық комитеті басқармасының бас сарапшысы, 2014-2015 жылдары Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары – Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы, 2016-2017 жылдары жеке меншік құрылымдарда жұмыс істеді. 2017 жылы Елорданы тұрақты дамыту орталығы директорының орынбасары, 2017-2022 жылдары Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті басқармасының басшысы, 2022-2023 жылдары Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары, 2023 жылғы қараша айында ҚР Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды.

Сол күні Атырау қаласының бұрынғы әкімі Мейірім Қалауи жаңа қызметке тағайындалдыды. Енді ол «Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын басқарады.

Мейірім Жоламанұлы 1985 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығымен, 2010 жылы РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бастаған. 2010-2011 жылдары «Тұран» ЖШС директоры, «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редактор болып жұмыс істеген. 2011-2012 жылдары «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасы, 2012-2016 жылдары облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы, 2016-2019 жылдары облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған. 2019-2021 жылдары Индер ауданының әкімі, 2021-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған. 2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы шілдеге дейін Атырау қаласының әкімі лауазымын атқарды.

Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып Амангелді Қонақбаев тағайындалды.

Ол 1977 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін, 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Шалқар ауданында қарапайым мектеп мұғалімімен бастап, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметіне дейін көтерілген. 2016-2018 жылдары Шалқар ауданының білім бөлімін басқарған. 2018 жылдың сәуір айынан бастап Шалқар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарып келді.

Сонымен бірге, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрлері қызметіне Данияр Рамазанұлы Қадыров, Қанат Жұмабайұлы Ысқақов, Евгений Дмитриевич Кочетов және Арман Әділханұлы Жүдебаев тағайындалды.

Данияр Қадыров Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды. Ол 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

Д. адыров 2000-2004 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі қызметтерде жұмыс істеген. 2004-2005 жылдары ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары, Жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, 2005-2007 жылдары Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, 2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды. 2007-2013 жылдары ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі, 2013-2015 жылдары ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі, 2015-2019 жылдары «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры болған.

Сондай-ақ 2019-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2022 жылдан бастап қазірге дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында туған, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеген. 2012-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған, 2021-2023 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы, 2023 жылдың қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Евгений Кочетов 1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Ол 2009-2013 жылдар аралығында «Жас Отан» ЖҚ және «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы, консультант болып жұмыс істеді. Әр жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2016 жылы «Қазконтент» АҚ Kaztube.kz видеопорталының жетекшісі болып тағайындалды. 2016-2017 жылдары Қазақстан Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, 2017-2018 жылдары «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы, 2018-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары «Рухани Жаңғыру» КЕАҚ қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының кеңесшісі, 2020-2023 жылдары «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры, 2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы әуендері» МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.

2007-2009 жылдары «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК домбыра тобының әртісі, 2009-2013 жылдары «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-де оқытушы, аға оқытушы, 2013-2018 жылдары «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК бас дирижері болған.

Сонымен бірге, 2018-2023 жылдары «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ ректоры, 2023 жылғы мамыр-шілде аралығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Ал 2023 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болды.

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Жазықбаев Шайх-Хасан Сатарқұлұлы ҚК Бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан армиясында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскери училище курсантынан бастап «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына дейінгі лауазымдық жолдан өтті. Әр жылдары ол жауынгерлік және бітімгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Ол бірнеше әскери бөлімдердің командирі, штаб бастығы – «Батыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары болды.

Ол 1999 жылы Пенза жоғары артиллериялық инженерлік училищесін үздік бітірді, 2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабының Әскери академиясын бітірді. Ирак Республикасындағы инженерлік-саперлік жасақ құрамында бітімгерлік операцияға қатысты. II дәрежелі «Айбын» орденімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ директорлар кеңесінің құрамында ауыс-түйіс болды. ҚМГ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Асқар Оразалыұлы Шәкіров ҚМГ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды.

Асқар Шәкіров 1978 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ жанындағы Азия және Африка елдері институтын тәмамдаған. Бұған дейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

Өңірлерге ойыссақ, Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметіне Алтынбек Ахметов тағайындалды.

Алтынбек Жанатұлы 2006 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «Қалалық кадастр» мамандығы бойынша, Торайғыров университетін 2023 жылы «Сәулет» мамандығы бойынша бітірген.

Ол еңбек жолын 2005 жылы «Астанагорархитектура» ЖШС топогеодезия бөлімінің техник-геодезисті қызметінен бастады. 2006 жылы «АстанагорНПЦзем» ЕМК технигі болды. 2007-2013 жылдар аралығында «Астана қаласы жер қатынастары басқармасы» Жер кадастры бөлімінің бас маманы, басшысы қызметтерін атқарды. 2013-2015 жылдар аралығында «Астана қаласы жер қатынастары басқармасы» басшысының орынбасары болды. 2016-2019 жылдары «Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының» басшысы лауазымын атқарды. 2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Сәрсен Абайұлы Құранбек тағайындалды.

Сәрсен Абайұлы 1976 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ қазақтың спорт және туризм академиясы мен «Қазтұтыну» одағы Қарағанды экономикалық университетінің түлегі. Мамандығы – философия, дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, каратэ жаттықтырушысы, құқықтанушы.

С.Құранбек еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласындағы «№ 4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады. 2003-2023 жылдар аралығында жеке секторда және орталық мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарды. 2023 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымында еңбек етті.

Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Нұрбек Бадырақов тағайындалды.

Нұрбек Бақтыбайұлы 1988 жылы 11 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Қазақстан халықтар достығы университетінің түлегі. Мамандығы – су ресурстары және суды пайдалану, құқықтану.

Нұрбек Бақтыбайұлы еңбек жолын 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасында статист болып бастады. 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің жетекші маманы, 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының егін және су шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2013-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2016-2017 жылдар аралығында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ЕТҰ қызметін талдау және дамыту департаментінде бас менеджер, ҚР Парламенті Мәжілісінде депутат көмекшісі, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болды. 2018-2022 жылдың шілдесіне дейін Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып еңбек етті. 2022-2023 жылдар аралығында Ордабасы ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасын енді Ержан Құлымбетов басқарады.

Ержан Мейрамбекұлы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ресейдің Мәскеу қаласындағы театр өнері университетін актерлік шеберлік мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008-2010 жылдар аралығында Италияның Милан қаласында музыкалық театрда тәжірибе жинаған. Еңбек жолын 2005 жылы Байқоныр қаласындағы мәдениет сарайында музыкалық сүйемелдеуші болып бастады.

Түрлі жылдары Е.Құлымбетов Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында вокал бойынша оқытушы, Астана қаласындағы оқушылар сарайында бас режиссер, Қазақ ұлттық өнер университетінде «актерлік шеберлік пен өнер» кафедрасының аға оқытушысы болып еңбектенген. Сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінде тәрбие және жастар саясаты бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті.

2021 жылдан 2023 жылдың мамырына дейін Астана қаласындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «сазды-драма және қуыршақ театры» кафедрасының аға оқытушысы қызметінде жұмыс істеді. Ал бұған дейін басқарма басшысы болған Досбол Әбдірисов «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге оқуға кетті.

Соңғы жаңалықтар