Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарады
АСТАНА. KAZINFORM — Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болды.
Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
— Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын, — делінген құжатта.
Арман Қырықбаев 1976 жылы Астана қаласында туған.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Narxoz University) «экономист» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Балтық жағалауы елдері басқармасының референті болып бастаған.
1997-2000 жылдары – Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.
2002 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы.
2002-2005 жылдары – «АВЕ Корпорация» ЖАҚ стратегия және мониторинг департаментінің директоры.
2005-2006 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры.
2006-2008 жылдары – Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.
2010-2012 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
2014-2015 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі.
2015-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
2020-2022 жылдары – «Nur Otan» партиясының хатшысы.
2022 - 2024 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
2024-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі.
2025 жылғы 25 ақпаннан бүгінген дейін Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды.
Еске салайық, бұған дейін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі, Ержан Сәденов Ішкі істер министрі, Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары — Үкімет Аппаратының басшысы, Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі, Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары, Мәди Такиев Қаржы министрі, Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі, Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі, Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрі, Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі, Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі, Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі, Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі, Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі, Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі, Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі, Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрі, Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалғанын хабарлағанбыз.