Футбол: Әлемнің қос экс-чемпионы Испания мен Германия бір топта

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катардағы әлем чемпионатының басталуына небәрі екі күн қалды. Жер-жаһан жұртшылығы асыға күткен дүбірлі додада қай құрама бас жүлдеге қол созады деген сұрақ бар. Осы орайда мамандар Е тобындағы Испания мен Германияны алдыңғы кезекте атайды. Кілең жұлдыздар жиналған екі құрама қай кезде де фавориттер қатарында жүреді. Бұл жолы қалай болады? Алғашқы екі орынға осы екеуі ие болады деген болжам бар. Десе де бірінші орын кімге бұйырады екен? Осы сауал жанкүйерлерді қызықтырып отыр. ҚазАқпарат тілшісі аталған сауалға жауап іздеп көрген еді.
None

Е тобы: Испания, Коста-Рика, Германия, Жапония

Испания

Испания құрамасы соңғы Еуропа чемпионатында жартылай финалға дейін жетті. Жарыстың аталған сатысында пенальтиден Италияға жол беріп қойды. Сол уақытта Луис Энрикенің шәкірттері бас жүлдеден басты үміткер саналған болатын. Қазір де оларға осындай үміт артылып отыр. Десе де бас бапкер мен кейбір ойыншылар арасында түсінбеушілік бар. Жаттықтырушы қыркүйек айында Серхио Рамосты құрамаға шақырған жоқ. Ал әлем чемпионатына кеңейтілген тізімге Давид де Хеа да енгізілмеді.

Аталған екі ойыншысыз да Испания құрамасында жұлдыздар аз емес. Қазір жанкүйерлер арасында Педри, Гави, Родри, Ферран Торрес, Дани Карвахаль сынды футболшылардың есімі жиі аталады. Сондықтан олар үшін кем дегенде жартылай финалға дейін жету басты меже болуы тиіс. Ол кезеңге жете алмаса, аталған құрама үшін сәтсіз нәтиже саналады.

Бас бапкер – Луис Энрике

Қақпашылар: Унаи Симон («Атлетик»), Роберт Санчес («Брайтон энд Хоув Альбион», Англия), Давид Райя («Брентфорд», Англия).

Қорғаушылар: Дани Карвахаль («Реал»), Эрик Гарсия («Барселона»), Жорди Альба («Барселона»), Эмерик Лапорт («Манчестер Сити», Англия), Сесар Аспиликуэта («Челси», Англия), Пау Торрес («Вильярреал»), Хосе Гайя («Валенсия»), Уго Гильямон («Валенсия»).

Жартылай қорғаушылар: Родри («Манчестер Сити», Англия), Серхи Бускетс («Барселона»), Гави («Барселона»), Педри («Барселона»), Коке («Атлетико»), Маркос Льоренте («Атлетико»), Карлос Солер (ПСЖ, Франция).

Шабуылшылар: Альваро Мората («Атлетико»), Ферран Торрес («Барселона»), Ансу Фати («Барселона»), Пабло Сарабия (ПСЖ, Франция), Нико Уильямс («Атлетик»), Марко Асенсио («Реал»), Йереми Пино («Вильярреал»), Дани Ольмо («РБ Лейпциг», Германия).

Коста-Рика

Бір қызығы, Коста-Рика құрамасы аз гол жібереді және аз гол салады. Құрлықаралық өтпелі ойында да дәл сол үрдісінен жаңылған жоқ. Жаңа Зеландиядан 1:0 есебімен басым түсті. Енді топтық кезеңде Испания мен Германия секілді азулы қарсыластарға түсіп тұр. Тек қорғаныспен қай ұшпаққа шыға алады? Жетістікке жету үшін шабуыл шебін де нығайтуы қажет. Оған жасы отыздан асқан ойыншылардың шамасы келе ме? Құраманың тең жартысы соған орайлас. Мәселен, Брайан Руис, Кейлор Навас, Хоэль Кэмпбелл, Ельцин Техеда сынды жігіттердің жасы 30-дан асып кеткен.

Бас бапкер – Луис Фернандо Суарес

Қақпашылар: Кейлор Навас (ПСЖ, Франция), Эстебан Альварадо («Эредиано»), Патрик Секейра («Луго», Испания).

Қорғаушылар: Франсиско Кальво («Коньяспор», Түркия), Хуан Пабло Варгас («Миллионариос», Колумбия), Кендалл Уотсон («Саприсса»), Оскар Дуарте («Аль-Вахда», Сауд Арабиясы), Даниэль Чакон («Колорадо Рапидс», АҚШ), Кейшер Фуллер («Эредиано»), Карлос Мартинес («Сан-Карлос»), Брайан Овьедо (Реал Солт-Лейк», АҚШ), Рональд Матаррита («Цинциннати», АҚШ).

Жартылай қорғаушылар: Ельцин Техеда («Эредиано»), Сельсо Борхес («Алахуэлленсе»), Юстин Салас («Саприсса»), Роан Уилсон («Грессия»), Жерсон Торрес («Эредиано»), Дуглас Лопес («Эредиано»), Джевисон Беннетт («Сандерленд», Англия), Альваро Самора («Саприсса»), Энтони Эрнандес («Пунтаренас»), Брэндон Агилера («Ноттингем Форес«», Англия), Брайан Руис («Алахуэлленсе»).

Шабуылшылар: Джоэл Кэмпбелл («Леон», Мексика), Энтони Контрерас («Эредиано»), Хоан Венегас («Алахуэлленсе»).

Германия

Төрт жыл бұрын Германия құрамасы жанкүйерлерді таңғалдырды. Әлем чемпионы атағын қорғауға келген Йоахим Лев жетекшілік еткен құрама Ресей жеріндегі әлем чемпионатында топтық кезеңнен әріге ұзай алған жоқ. Топтағы құрамалар да азулы қарсыластар емес еді.

Қазір бас бапкер қызметін Ханс-Дитер Флик атқарады. Әрине, ескі проблемалар толық шешілген жоқ. Германия құрамасында көп гол соға алатын ортаңғы шабуылшы жоққа тән. Тимо Вернер жарақатына байланысты доп додасына бара алмайды.

Құрамада өзге шептерде жоғары деңгейде ойнай алатын футболшылар бар. Жартылай қорғаушы Томас Мюллер мен қақпашы Мануэль Нойер қай кезде де жоғары деңгейде өнер көрсете алады.

Бас бапкер – Ханс-Дитер Флик

Қақпашылар: Мануэль Нойер («Бавария»), Марк-Андре тер Штеген («Барселона», Испания), Кевин Трапп («Айнтрахт»).

Қорғаушылар: Армель Белла-Кочап («Саутгемптон», Англия), Маттиас Гинтер («Фрайбург»), Кристиан Гюнтер («Фрайбург»), Тило Керер («Вест Хэм», Англия), Лукас Клостерманн («РБ Лейпциг»), Давид Раум («РБ Лейпциг»), Антонио Рюдигер («Реал», Испания), Нико Шлоттербек («Боруссия» Дортмунд), Никлас Зюле («Боруссия» Дортмунд).

Жартылай қорғаушылар: Юлиан Брандт («Боруссия» Дортмунд), Леон Горетцка («Бавария»), Йозуа Киммих («Бавария»), Томас Мюллер («Бавария»), Джамал Мусиала («Бавария»), Лерой Сане («Бавария»), Марио Гетце («Айнтрахт»), Илкай Гюндоган («Манчестер Сити», Англия), Кай Хавертц («Челси», Англия), Йонас Хофманн («Боруссия» Менхенгладбах).

Шабуылшылар: Никлас Фюллькруг («Вердер»), Серж Гнабри («Бавария»), Карим Адейеми («Боруссия» Дортмунд), Юссуфа Мукоко («Боруссия» Дортмунд).

Жапония

Азия құрлығында үздік саналатын Жапония жаһандық додада әзірге жоғары жетістігімен қуанта қойған жоқ. Осы заңдылық сақталған жағдайда азиялық құрама плей-офф сатысынан сырт қалуы мүмкін. Оған бірнеше себеп бар. Аталған топта олар Испания мен Германияға қарсы ойнайды. Азулы құрамалар Жапонияның ыңғайына келе ме?

Құраманың дайындығы жоғары деңгейде деп ешкім айта алмайды.Көшбасшы ойыншылар - Такехиро Томиясу мен Такуми Минамино «Арсенал» мен «Монако» сапында аз ойнап жүр. Сондықтан олар үшін плей-офф сатысына шығудың өзі қиындау.

Бас бапкер – Мориасу Хадзимэ

Қақпашылар: Суити Гонда («Симидзу»), Дэниел Шмидт («Сент-Трюйден», Бельгия), Эйдзи Кавасима («Страсбур», Франция).

Қорғаушылар: Мики Ямани («Кавасаки Фронтале»), Хироки Сакаи («Урава Редс»), Мая Йосида («Шальке», Германия), Такехиро Томиясу («Арсенал», Англия), Сого Танигути («Кавасаки Фронтале»), Итакура («Боруссия» Менхенгладбах, Германия), Юто Нагатомо («Токио»), Юта Накаяма («Хаддерсфилд», Англия), Хироки Ито («Штутгарт», Германия).

Жартылай қорғаушылар: Ватару Эндо («Штутгарт», Германия), Хидемаса Морита («Спортинг», Португалия), Ао Танака («Фортуна», Германия), Гаку Сибасаки («Леганес», Испания), Каору Митома («Брайтон энд Хоув Альбион», Англия), Даити Камада («Айнтрахт», Германия), Такефуса Кубо («Реал Сосьедад», Испания).

Шабуылшылар: Дайдзен Маэда («Селтик», Шотландия), Такума Асано («Бохум», Германия), Аясе Уэда («Серкль Брюгге», Бельгия), Юки Сома («Нагоя Грампус»), Дзюня Ито («Реймс», Франция), Рицу Доан («Фрайбург», Германия), Такуми Минамино («Монако», Франция).

Е тобындағы ойын кестесі:

23 қараша

Германия - Жапония

Испания - Коста-Рика

27 қараша

Жапония - Коста-Рика

Испания - Германия

1 желтоқсан

Жапония - Испания

Коста-Рика – Германия

Мына материалдарға көз сала кетіңіз:

А тобындағы құрамалар жайлы мына жерде

В тобындағы құрамалар жайлы мына жерде

С тобындағы құрамалар жайлы мына жерде

D тобындағы құрамалар жайлы мына жерде


Соңғы жаңалықтар