Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

АСТАНА. KAZINFORM – Осы аптада Президенті Әкімшілігінде, Сыртқы істер министрлігінде, сот және прокуратура органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.

кадр ўзгаришлари
Фото: freepik.com

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

Е. Нигматоллаұлы 1974 жылғы 16 маусымда Алматы қаласында туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2012 жылы Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебін тәмамдаған. Мамандығы — халықаралық қатынастар, мемлекеттік басқару магистрі. Дипломатиялық қызметін 1998 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Төртінші департаментінде референт болып бастаған. 2021 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

Осы аптада Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар Елші тағайындалды

Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне келді.

Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Алексей Цой Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Айта кетейік, Алексей Цой 1977 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын бітіріп, дәрігер мамандығын алған. 2007 жылы «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заң факультетін тәмамдап, заңгер мамандығын иеленген.

Мемлекет басшысының өкімімен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали ҚР Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды

Осыған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінде болды.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Былтыр ол ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған еді.

Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Бақытбекұлы Иманалиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Президент Жарлығымен Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып Жасұлан Жақсылық тағайындалды.

Қызылорда облыстық сотының судьялары болып Гүлнара Тиыштықбаева, Салтанат Абызбаева, Нұрлан Еламанов тағайындалды. Сырдария аудандық сотының төрағасы болып Қайратбек Бержанов, Байқоңыр қалалық сотының судьясы болып Азамат Қазкенов тағайындалды.

Осы аптада Шымкент қалалық сотының төрағасы Әділхан Шайхисламов ҚР Президентінің 2025 жылғы 11 қазандағы № 1036 Жарлығымен жаңадан тағайындалған қалалық соттардың судьяларын жария етті

Шымкент қалалық сотына Ыдырысов Бағлан Құттықожаұлы тағайындалды. Ол 1983 жылы Қызылорда облысында туған.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына Өтегенов Нұрсұлтан Батырханұлы тағайындалды. Ол 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Есенбаев Ерлан Маратұлы тағайындалды. Ол 1988 жылы Атырау облысында туған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Туналиев Бақытжан Құралбекұлы тағайындалды. Ол 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Осы аптада Батыс Қазақстан облыстық сотында жалпы отырыс өтіп, облыстық сот төрағасы Азат Ізбасаров ҚР Президентінің 2025 жылғы 11 қазандағы № 1036 Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстырды

Варвара Дмитриенко Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы лауазымына тағайындалды. Сот саласында 30 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан Варвара Дмитриенко 2007 жылдан осы уақытқа дейін Орал қалалық сотының судьясы қызметін атқарды.

Сондай-ақ аталған лауазымды енді Гүлшат Арыстанова да атқарады. Ол 2013 жылдан бастап осыған дейін Орал қаласы № 2 сотының судьясы болып жұмыс істеген. Сот жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі — 21 жыл.

Өңірдің қалалық, аудандық соттарында да жаңа тағайындаулар болды. Сот жүйесінде 12 жыл жұмыс істеген Сабыржан Есжанов Орал қалалық сотының төрағасы қызметіне кірісті. Бұған дейін ол Орал қаласы № 2 сотының судьясы болды.

Гүлжихан Сағитова Ақжайық аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды. Осыған дейін ол (сот жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі — 22 жыл) Ақжайық аудандық сотының судьясы болды.

Осы салада 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар Тұрсынгүл Өміралиева Орал қаласы № 2 сотының судьясы болды, бұған дейін ол осы соттың сот отырысы хатшысы қызметін атқарып келген.

Бұдан бөлек, Зере Сұлтанбек (сот жүйесіндегі еңбек өтілі — 9 жыл) Орал қаласы № 2 сотының судьясы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол БҚО Сот әкімшілігі талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы болды.

Бас прокурордың бұйрығымен Жайнарбек Келдібайұлы Мыңбаев Талғар ауданының прокуроры болып тағайындалды

2017 жылы Бас прокуратураның бірінші қызметіне аға прокурор және 2021 жылы Бас прокурордың көмекшісі лауазымдарын атқарған. 2024 жылдың қазан айынан бастап Бас Прокурордың аға көмекшісі — топ жетекшісі болып жұмыс істеді.

Бас прокурордың бұйрығымен Қонаев қаласының прокуроры болып Жақаев Жәнібек Оразбекұлы тағайындалды

Ол 2022 жылдан бастап қазірге дейін Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры лауазымында қызметін атқарды.

Қарасай ауданының прокуроры болып Айдос Тұрсынжанұлы Чорманов тағайындалды

Ол 2022-2025 жылдар аралығында Алматы облысы Қонаев қаласының прокуроры лауазымында қызмет атқарды.

AMANAT партиясының саяси кеңес бюросы Мәжілістегі партиялық тізім бойынша бос мандатты Президент жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге беру туралы қаулы қабылдаған еді.

Осы орайда бұл аптада Ә. Мүтәлі Мәжіліс депутаты ретінде ант берді.

Әділет Қожанбаев Семей қаласының жаңа әкімі болып сайланды.

Ә. Қожанбаев 1980 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Туған жері: Семей облысы, Көкпекті ауданы, Биғаш ауылы.

Азамат Серікұлы Айтхожин Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры болып сайланды

Спорт саласындағы басқарушылық тәжірибесі мол Азамат Айтхожин бірқатар ұйым мен ведомстволарда шешуші қызметтер атқарды.

Соңғы жаңалықтар