Түркия альпинистері Эрджиес шыңына сапарын зілзала құрбандарын еске алуға арнамақ
Эрджиес – орталық Анадолыдағы ең биік тау. Бұл – альпинистер тобының 13-экспедициясы болмақ. Сапар Түркияның 11 провинциясы зардап шеккен табиғи апаты құрбандарын еске алуға арналады. Акция 11-12 наурызға жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылар оған 100-ге жуық адам қатысады деп болжайды.
Исмаил Йылмаз альпинистердің көбі жер сілкінісі болған аймақтардағы іздеу-құтқару жұмыстарына ерікті ретінде қатысқандарын айтып өтті.
Еске салсақ, Табиғи апаттарды басқару және төтенше жағдайлар агенттігі (AFAD) эпиорталығы Кахраманмарашта болған жер сілкінісі салдарынан 44 218 адам қаза тапқанын хабарлады.
25 ақпан күні Түркияның Нигде провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді.
27 ақпан күні Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды. Зілзаладан кейін қираған үйінділер астынан 32 адам құтқарылды.