32 алтын: Қазақстан Көшпенділер ойындарында жалпыкомандалық есепте топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты. Ойындар қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 74 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Спорт және туризм министрлігі мәлім етті.

Фото: Кабар

Оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде бар. Жалпыкомандалық есепте 30 алтын медаль иеленген Қырғызстан екінші орынға, жеті алтын жүлдесі бар Ресей үшінші орынға тұрақтады.

Фото: Кабар

2 қыркүйек күні VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан екі алтын медаль жеңіп алды.

Сайлау Мұхаммеджан да финалда қырғыз спортшысымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Қазақстан құрамасының дүбірлі додадағы алғашқы алтын медальдары.

Сол күні VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Көчмөндөр жүрүшү» халықаралық ат марафонының алғашқы кезеңі аяқталды. Жарыстың бірінші күнінде қатысушылар жалпы ұзындығы 300 шақырым болатын қашықтықтың 50 шақырымын бағындырды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бірінші кезең қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы көш бастады. Екінші орында Қырғызстанның «Ала-Тоо» командасы, үшінші орында Қырғызстанның «Ыстықкөл» командасы келеді.

Тұрмаханбет Қалмұхан — Алыш күресінен қола жүлдегер атанды.

Фото: Спорт комитеті

Алыш — белбеу күресінен еркін стиль бойынша 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбубәкіров Жандос жүлделі III орынға табан тіреп, қола медаль иеленді.

Жарыстың үшінші күнінде Самбошы Болат Сапар Көшпенділер ойындарында алтын жүлде жеңіп алды.

Фото: Спорт комитеті

Бұл күні Қазақстан құрамасы арқан тартыстан тағы бір алтын жүлдені қоржынға салды. 

Осылайша Қазақстан құрамасы ойындардың үшінші күнінде 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

4 қыркүйекте қазақ күресінен 60 келі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы Ернұр Сүлеймен жеңімпаз атанды. 

Фото: Спорт комитеті

Ұлттық спорттың бірі – теңге ілу сайысынан Қазақстан спортшысы Бақтыбай Қанат жеңімпаз атанды.

Фото: Спорт және туризм министрлігі

Сол күні VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш басына шықты.

Фото: Спорт және туризм министрлігі

Ал 5 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы 300 шақырымдық ат жарысында үздік атанды.

Мангала жарысында ерлер арасындағы командалық жарыста Астана қаласының спортшысы Биғали Зкрияев алтын медаль алды.

Осылайша 6 қыркүйекте Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті.

Фото: Кабар

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» мемлекеттік ансамблі Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Nomad Fest фестивалі аясындағы халықаралық «Этно-би» байқауында Гран-при иеленді.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің «Эстрадалық вокал» мамандығында білім алып жатқан 3-курс студенті Жасмина Тілеумбетова Қырғызстандағы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен Echo of Nomads халықаралық этникалық ән байқауында екінші орын иеленді.

Қазақстандық спортшылар аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, мангала, дәстүрлі садақ ату, ат жарысы және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Фото: Кабар

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 113 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысты.