Хасан Қасымбаевтың Шерзаттың өлімі ісіне қатысы бар ма
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов кәсіпкер Хасан Қасымбаевтың Шерзат Болаттың өлімі бойынша іске қандай қатысы бар деген сұраққа жауап берді.
«Хасан Қасымбаев осы тергеу амалдары, қылмыстық іс бойынша ешқандай статусы жоқ», – деп жауап берді Әленов бүгінгі брифинг барысында.
Айтуынша, «Хуторовский» ұйымдасқан қылмыстық тобы тіркелмеген.
«Осы істің бір бөлігі ретінде мен ауызша портретті ұсына аламын. Олардың екеуі ипподромда, бірі Шымбұлақта жұмысшы, тағы біреуі сұлулық салонында жұмыс істейді тергеу мұқият тексеріледі»,- деді ол.
Еске салайық,4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болғанын жазғанбыз.
Ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты.
Алматы облысының Прокуратурасы кісі өлтіру туралы бұл іс ерекше бақылауға алынғанын ресми түрде хабарлады.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Талғар ауданындағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды.
Сондай-ақ, құқық қорғаушы Айтбек Амангелді қаза тапқан жасөспірімнің отбасына адвокаттар тауып берді.
Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттеліп жатқанын жеткізді.
12 қазан күні түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
Сондай-ақ, Бас прокуратура қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын мәлімдеді.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеу оқиғасын тергеу тобымен Талғарға барды.
Кейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов өрт қылмысы бойынша айғақтар алынып, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін Ұлттық ұлан әскері жұмылдырылды.