Электрондық сауда: Қарағандыда жылына 27 млн тапсырыс қабылдайтын қойма ашылады

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағандыда электрондық сауда үшін заманауи сауда-логистикалық қойма ашылады. Облыстың екі әуежайы жаңғыртылады. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.

ҚР Бош вазири ХХР чегарасидаги транспорт ва логистика соҳасидаги вазият билан танишди
Фото: ҚР Ҳукумати

«Қыркүйек айында Қарағандыда Teez маркетплейсі жұмысын бастады. Қойма терминалдың ашылуы өңірдегі электронды сауданың дамуын жеделдетті. Платформаның қуаттылығы — жылына 27 миллион тапсырыс. Бұл шағын және орта кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін ынталандырады», — деді облыс әкімі.

Ермағанбет Бөлекпаев логистиканы өңірдің экономикалық өсімінің негізгі бағыттарының бірі ретінде атап өтті. 

«Қарағандыда халықаралық логистиканы дамыту үшін жергілікті әуежайды жаңғырту қажет. Уақыт өте келе әуе айлағы жылына 50 мың тонна жүк тиейтін жүк терминалына айналады. Бүгінде ол Эквадордан, Нидерландыдан, Бельгиядан және Оңтүстік-Шығыс Азиядан коммерциялық жүк рейстеріне қызмет көрсетеді. Болашақта Қытайдан Еуропаға ұшатын әуе кемелерінің техникалық қонуын ұлғайту жоспарлануда», — деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі Балқаш әуежайын қайта құру маңызды жоба екенін атап өтті. 

«Болашақта бұл жоба әуежайдың өткізу қабілетін 30%-ға арттырып, басқа өңірлермен әуе қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді», — деді әкім.

Айта кетейік, Қарағанды облысында жыл соңына дейін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. 

Өңір экономикасына жыл басынан бері 680 млрд теңге инвестиция құйылды.

Облыстағы Саран қаласы тарихта тұңғыш рет елеулі салық түсімін қалыптастыра бастады.

Ал Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Шахтинск қалаларында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша 14 жоба іске асырылуда.

Одан бөлек, Қарағанды облысы елдің жұмысшы мамандықтар дайындау орталығына айналмақ.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында 1 мың шақырымнан астам жол жөнделгені хабарланды.

Бұған дейін облыс әкімі Саранда жаңадан салынған жылу қазандығы неге толық жұмыс істемей тұрғанын түсіндірген еді. 

Соңғы жаңалықтар