Kazinform агенттігі Конституциялық комиссияның IV отырысын көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді. 

Конституциялық комиссия отырысында партиялар қандай ұсыныс айтты
Фото: Конституциялық сот

Kazinform агенттігінің сайтында әдеттегідей отырыстан тікелей эфир ұйымдастырылады. 

Іс-шара сондай-ақ әлеуметтік желідегі мына ресми парақшаларда тікелей эфирде көрсетіледі:

Өткен аптада Конституциялық комиссияның алғашқы отырысы өтіп, бір палаталы «Құрылтайдың» функциясы мен құрамы, вице-президент лауазымының мемлекеттік биліктегі орны, заң шығару бастамасын көтеруге хақылы «Халық кеңесінің» құзыреті қандай болатыны айтылған еді.

Айта кету керек, бұл өзгерістердің бәрі Конституциялық реформа аясында іске асады деп жоспарланған. Қазіргі Мәжіліс пен Сенаттың орнына жасақталатын бір палаталы Құрылтай заң жобаларын үш оқылымда қарайтыны да Ата заңда норма болып енбек. Жаңа Парламентті жасақтауда «президенттік квота» деген болмайды.

Алғашқы отырыста Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституцияға Алатау қаласы сияқты ел дамуына айрықша орны айқындалған жекелеген аумақтарға арнайы мәртебе беру мүмкіндігін енгізуді ұсынды.

Ал «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Конституциялық комиссия мүшесі Диқан Қамзабекұлы білім жүйесін діни фанатизмнен қорғайтын норма енгізуді ұсынды.

Сонымен қатар Қазақстан заңгерлері одағының төрағасы Серік Ақылбай Ата заңға діннің мемлекеттен бөлектігін тікелей нормамен айқындай түсу қажеттігін айтты.

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев Қазақстан аумағында сот санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту туралы ұсыныс жасады.

Тікелей эфир сағат 16:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар