«Біздің есепте «Хутор» ұйымдасқан қылмыстық тобы деген жоқ... Жалпы, Қазақстанда қолданыстағы заң мен тәртіп бар. Меніңше, Қазақстанда тұратын барлық азамат осы тәртіпті, заңды ұстанады. Елімізде ұйымдасқан қылмыстық топтарды, ҰҚТ-мен айналысатын тұлғаларды тіркеу деген жоқ», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар министрдің бірінші орынбасары Талғар аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне қатысты ұсыныс енгізілетіндігін айтты.
«Қазіргі уақытта ең бастысы – қылмысты ашу. Ең басты міндетіміз – тәртіп пен заңды қалпына келтіру, үйді өртегендерді анықтау. Менің негізгі міндетім – осы жұмыстарды құқық аясында ұйымдастыру, өртті жасаған адамдарды анықтау, өзге тұлғаларды қарау, тексеру, одан кейін мұндай жайттың неліктен орын алғанын анықтау», - Бауыржан Әленов.
Оның атап өтуінше, Талғардағы қайғылы оқиғаға байланысты бұзақылық, адам өлтіру, қоқан-лоқы жасау, қылмысты хабарламау туралы деректер бойынша қылмыстық қозғалған.
Еске салайық,4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болғанын жазғанбыз.
Ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты.
Алматы облысының Прокуратурасы кісі өлтіру туралы бұл іс ерекше бақылауға алынғанын ресми түрде хабарлады.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысы Талғар ауданындағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі жеке бақылауына алды.
Сондай-ақ, құқық қорғаушы Айтбек Амангелді қаза тапқан жасөспірімнің отбасына адвокаттар тауып берді.
Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттеліп жатқанын жеткізді.
12 қазан күні түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
Сондай-ақ, Бас прокуратура қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын мәлімдеді.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеу оқиғасын тергеу тобымен Талғарға барды.
Кейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов өрт қылмысы бойынша айғақтар алынып, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін Ұлттық ұлан әскері жұмылдырылды.