Апта басында Данияр Шәріп Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су дипломатиясы департаментінің директоры болып тағайындалды.
Данияр Есенұлы Шәріп 1992 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Гидрология» мамандығы бойынша, сондай-ақ Каспий қоғамдық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану және дамыту басқармасында сарапшы міндетін атқарушы ретінде бастаған. Кейін сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарды. 2019 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Трансшекаралық өзендер департаменті Трансшекаралық өзендер басқармасының бас сарапшысы болды.
2019-2023 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Трансшекаралық өзендер департаментінде бас сарапшы, кейін Трансшекаралық өзендер басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының бас инспекторы болды. 2024 жылдан бүгінге дейін Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, кейін осы департаменттің директоры қызметін атқарды.
Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына Асқар Сақтағанұлы Биахметов тағайындалды.
Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 1993–2004 жылдары облыстық қаржы басқармасында, «Профилакторий» ӨК, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2004–2009 жылдары — Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы. 2009–2014 жылдары — ҚР Конституциялық Кеңесінің бөлім меңгерушісі. 2014–2015 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры. 2015–2018 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2019–2020 жылдары — ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2020–2023 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары. 2023–2024 жылдары — ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары. 2024–2025 жылдары — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2025 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ұлттық экономика министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Ал Еркебұлан Иембердиев Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Е. Иембердиев Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол Алматы экономика және статистика академиясында «Экономика» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. Еңбек жолын мемлекеттік статистика жүйесінде 2011 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласындағы филиалының үй шаруашылықтары статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің маманы қызметінен бастаған.
Жалпы еңбек өтілі – 15 жыл. Оның барлығы мемлекеттік статистика жүйесіндегі қызметпен байланысты. Осы кезеңде Ұлттық статистика бюросы мен Ақпараттық-есептеу орталығы жүйесінде маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейінгі кәсіби еңбек жолынан өтті. 2023-2025 жылдары Алматы қаласы бойынша «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК филиалының басшысы қызметін атқарып, ішкі бизнес-процестерді жетілдіру, цифрлық сервистерді дамыту және филиал жұмысының тиімділігін арттыру бағытындағы жобаларды табысты жүзеге асырды. Тағайындауға дейін Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаментінің директоры қызметін атқарды.
ҚР Бас прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Ерлан Алмазұлы Қызылорда қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды.
Ол 1984 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласы Алматы ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Әр жылдары Алматы ауданы прокурорының аға көмекшісі, бөлім бастығы, Астана қаласы және Павлодар облысы прокуратураларының басқарма прокуроры, Павлодар және Байқоңыр қалалары прокурорының орынбасары, ҚР Бас прокуратурасы департаменті басқармасының аға прокуроры болды.
Сонымен қатар Көкшетау қаласы мен Сырдария ауданының прокуроры, ҚР Бас прокурорының көмекшісі лауазымдарын атқарған. 2024 жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуроры қызметін атқарып келді.
Түркістан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болып Айбек Қанатбеков тағайындалды.
Айбек Мырзабекұлы Қанатбеков прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2013 жылы бастаған. Әр жылдары Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, аға прокуроры, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Атырау облысы мен Астана қаласының прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда еңбек еткен. Осы тағайындауға дейін Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік департаментінде Бас прокурордың аға көмекшісі қызметін атқарды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 13 жыл 4 ай.
Бас әскери прокуратура Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры лауазымына Роман Снопов тағайындалды.
Роман Снопов 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетінде білім алған. Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде бастаған. Кейін Қызылорда әскери прокуратурасында түрлі жауапты қызмет атқарған.
СҚО полиция департаментінің бастығы болып Руслан Назаров тағайындалды.
Руслан Назаров 1974 жылы туған. Ол ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1998 жылы Ақмола облысы ІІБ-нің учаскелік полиция инспекторы қызметінен бастады. Бір жылдан кейін Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі болып тағайындалды. 2004 жылы Ақкөл аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімін басқарды. Әр жылдары Есіл және Зеренді аудандық ішкі істер бөлімдері бастықтарының орынбасары қызметтерін атқарды. 2014 жылы Ақмола облысы ПД криминалды полиция басқармасын басқарды.
Р. Назаров бұған дейін де СҚО қызмет атқарған. Ол облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары ретінде жедел қызметтердің, криминалдық полицияның және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің жұмысын үйлестірді. 2023 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында министрліктің Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.
СҚО Ақжар ауданына әкім болып Нұрлан Телтаев тағайындалды.
Нұрлан Телтаев 1974 жылдың 9 маусымында СҚО Мағжан Жұмабаев ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қорған ауыл шаруашылығы академиясын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолының едәуір бөлігі ауыл шаруашылығы саласы мен жергілікті атқарушы органдардағы қызметпен байланысты. 2007 жылдан бастап Аққайың ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2025 жылдың ақпанында Қызылжар аудандық AMANAT партиясы филиалының төрағасы болып тағайындалды. Сонымен қатар Қызылжар ауданы Қоғамдық кеңесінің құрамына кірді.
Сондай-ақ Шымкент қаласында екі сотқа жаңа судьялар тағайындалды.
Қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып Нәсиба Розикулова тағайындалды. Ол 1979 жылы туған. 2002-2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасында адвокат тағылымдамасынан өткен. 2003 жылдан 2025 жылға дейін облыстық адвокаттар алқасында адвокат қызметін атқарған.
Ал қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы болып Данияр Жұматаев тағайындалды. Ол 1988 жылы туған. Еңбек жолын 2010 жылы Оңтүстік-Шығыс өңіраралық теміржол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде бастаған. Әр жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның ОҚО филиалында, Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ОҚО бойынша департаментінде, «Seikhun» ЖШС-де қызмет атқарған.
2014-2025 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары бойынша департаменттерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2025-2026 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Сотқа дейінгі тергеу басқармасының мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеу бөлімінде аса маңызды істер бойынша аға тергеуші болған.
Талдықорған қалалық сотының судьясы болып Данияр Молдахметов тағайындалды.
Данияр Саматұлы Молдахметов 1994 жылғы 8 қазанда Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдап, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Әділет академиясында білім алған.
Еңбек жолын 2016 жылы Талдықорған қалалық соты кеңсесінің жетекші маманы қызметінен бастаған. 2017–2026 жылдар аралығында Талдықорған қаласының соттарында бас маман – сот отырысының хатшысы болып жұмыс істеді. Жалпы еңбек өтілі 9 жыл 11 айдан асады.
Батыс Қазақстан облысында да жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды.
Президент Жарлығына сәйкес Байсал Айдашев Бөрлі аудандық сотының судьясы болып тағайындалды. Байсал Айтжанұлы Айдашев 1993 жылғы 9 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2015 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Әр жылдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сот приставы, бас маман — сот отырысының хатшысы, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында және Есіл аудандық сотында бас маман — сот отырысының хатшысы болды. ҚР Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде бас маман — сот отырысының хатшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
Айым Жағыппарова Орал қалалық сотының судьясы қызметіне кірісті. А. Жағыппарова 1992 жылғы 19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2023 жылы М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Еңбек жолын заңгердің көмекшісі ретінде бастап, кейін Астана қаласы адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен. Әртүрлі кезеңдерде заңгер көмекшісі, бас заңгер, қызметтерін атқарған.
Ақжайық аудандық сотына судья болып Роза Мұқашева келді. Роза Айдарқанқызы Мұқашева 1988 жылғы 12 желтоқсанда Қарағанды облысы Молодежный ауылында дүниеге келген. 2012 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, 2012 жылы Көкше академиясын тәмамдаған. Әр жылдары Ақмола облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінің Ерейментау аумақтық бөлімінде іс жүргізуші, Екібастұз қалалық соты әкімшісінде бас маман — сот отырысының хатшысы қызметін атқарған.
Орал қаласының № 2 сотына Алтын Оралбаева қосылды. Алтын Абзалқызы Оралбаева 1983 жылғы 18 желтоқсанда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған. Әр жылдары Ақтөбе қалалық сотында бас маман — сот отырысының хатшысы, Қарасай аудандық сотында бас маман, Ақтөбе қаласының № 2 сотында бас маман — сот отырысының хатшысы болды.
Өзге тағайындауларға келсек, Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры қызметіне Мұратжан Мұсайбеков тағайындалды.
Мұратжан Мұсайбеков еңбек жолында «ҚазМұнайГаз» жүйесінде бірқатар басшылық қызметтерді атқарған. Атап айтқанда, мұнай-газ өңдеу және мұнай-химиясы жобаларын іске асыру жөніндегі директор, мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директор, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының орынбасары, «KPI Inc.» ЖШС басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған. Сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда қызмет атқарған.
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне нидерландтық маман Джон ван'т Схипті тағайындады.
62 жастағы Джон ван'т Схип бапкерлік мансабында Грекия және Армения ұлттық құрамаларын жаттықтырған. Сондай-ақ Нидерланд құрамасының бапкерлер штабында қызмет атқарған. Ол Қазақстан ұлттық құрамасын басқарған екінші нидерландтық маман атанды. Бұған дейін 2006-2008 жылдары ұлттық құраманың тізгінін Арно Пайперс ұстаған еді. Джон ван'т Схип жетекшілік ететін Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ресми матчын 26 қыркүйекте Фарер аралдары құрамасына қарсы өткізеді. Бұл кездесу Ұлттар лигасы аясында өтеді.
Сонымен қатар ұлттық құраманың бапкерлер штабына Нұрбол Жұмасқалиев қосылды. Ол бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарады. Оған қоса штаб құрамында Елдос Ахметов – бас бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылар бапкері, Вадим Боровский – дене дайындығы жөніндегі бапкер, Тимур Құсайынов аналитик болып жұмыс істейді.
Танымал футболшы Самат Смақов «Атырау» командасы тізгінін ұстады.
Самат Смақов бапкерлік жолында «Ордабасы» клубының жаттықтырушылар штабында қызмет атқарып, «Елімай» командасын басқарды. Оның жетекшілігімен семейлік клуб Премьер-Лигаға жолдама алды. Кейін «Астана» клубында техникалық директор қызметін атқарып, «Жетісудың» бас бапкері болды. Тәжірибелі маман футболшы ретінде де Қазақстан футболында өзіндік із қалдырған. Ұлттық құрама сапында 76 кездесу өткізіп, еліміздің алты дүркін чемпионы және төрт дүркін Қазақстанның үздік футболшысы атанған.
«Жеңіс» футбол клубы босниялық маман Владимир Слишковичтің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын мәлім етті.
3 жастағы маман «Спартак» клубын басқарған кезде Ресей Премьер-Лигасында бірде-бір рет жеңіліс таппаған және айдың үздік бапкері деп танылған. Ол өзінің бапкерлік жолын босниялық «Зриньски» командасында бастаған. Сондай-ақ Қытай, Сауд Арабиясы клубтарында және Босния мен Герцеговинаның жасөспірімдер құрамасында жұмыс істеген.