Ақтөбедегі ірі жол апаты: Аман қалғандардың екеуі ауруханадан шықты

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Самара — Шымкент бағытындағы жол-көлік апаты кезінде аман қалған алты адамның екеуі ауруханадан шықты. Ал балалар ауруханасында жатқан жасөспірімнің жағдайы әлі де аса ауыр, есін жимады. 

Ақтөбедегі ірі жол апаты: Аман қалғандардарың екеуі ауруханадан шықты
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 1 Ақтөбе қалалық ауруханасында жатқан үш адамның екеуі үйіне оралды. Тағы біреуінің жағдайы тұрақты. Оған ота жасалып, қазір емін жалғастырып жатыр.

— Ақтөбе көпсалалы ауруханасында жатқан бір пациент ертең үйіне шығарылады. Ал облыстық балалар ауруханасында жатқан жасөспірімнің жағдайы өте ауыр. Еш өзгеріс жоқ, есін жимады, — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты. Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды.  Жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын ГАЗель соқтығысты. Аман қалған жолаушылардың үшеуі ауыр жағдайда екені айтылды.  Жол-көлік оқиғасынан соң Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды.  ІІМ Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасын тергеу үшін арнайы топ жіберді.  Ақтөбеде жол-көлік апатына кімнің кінәлі екені нақтыланды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылғаны анықталды.

Бірнеше күнде бәрі де облыс орталығына жеткізілді. Кейін біреуі санавициямен Астана қаласына тасымалданды

Соңғы жаңалықтар