Ақтөбедегі ірі жол апаты: Жасөспірім 20 күннен бері есін жимай жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Самара-Шымкент тасжолындағы жол апатынан аман қалған ересектердің көбі емді қабылдап, ауруханадан шықты. Ал жасөспірім әлі де ес-түзсіз жатыр.

аурухана
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 1 қалалық ауруханасында ем алған ересектердің бәрі де үйіне оралды. Отадан кейін денсаулығы жақсарған науқастың бірі кеше шығарылды. Ал облыстық балалар ауруханасында жатқан жасөспірім әлі есін жимады.

— Баланың жалпы жағдайы әлі де аса ауыр. Себебі бас миының қосарлас жарақаты бар, — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты. Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды. 

Жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын ГАЗель соқтығысты. Аман қалған жолаушылардың үшеуі ауыр жағдайда екені айтылды

Жол-көлік оқиғасынан соң Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды

ІІМ Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасын тергеу үшін арнайы топ жіберді

Ақтөбеде жол-көлік апатына кімнің кінәлі екені нақтыланды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылғаны анықталды. 

Бірнеше күнде бәрі де облыс орталығына жеткізілді. Кейін біреуі санавициямен Астана қаласына тасымалданды. 

Өткен аптада жол-көлік апаты кезінде аман қалған алты адамның үшеуі ауруханадан шықты

Соңғы жаңалықтар